Қордай ауданының прокуратурасы «Тәртіпті өзіңнен баста!» атты жастар форумын өткізді
- author AR-AY
- 27 желтоқсан, 2024
- 17
Іс-шараға 300-ден астам белсенді оқушылар, колледж студенттері, шығармашыл мұғалімдер, білім беру мекемелерінің басшылары және психолог мамандар қатысты.
Форум аясында шақырылған қонақтар жастармен бірге құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын талқылады. Сондай-ақ, заңдылықты сақтау, адалдық пен патриотизм сияқты маңызды құндылықтар туралы пікір алмасты.
Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров жастар ортасындағы криминогендік жағдайға назар аударып, жастардың мемлекеттің болашағындағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, ол оқушылар жасаған құқық бұзушылықтарды мектептердің бағалау критерийлерінен алып тастаудың оң тәжірибесін ерекше атап өтті.
Бүгінгі таңда лауазымды тұлғалардың оқу орындарында да, олардың сыртында да құқық бұзушылықтарды жасыруға объективті себептері жоқ.
Осыған байланысты прокуратура оқу орындарында құқық бұзушылықтарды жасыру фактілерінің әрқайсысы бойынша қатаң шаралар қабылдауда, бұл өткен жылы лауазымды тұлғаларға қатысты 4 қылмыстық істің қозғалуы арқылы расталады.
Психологтар мен «Komek Stop Bullying Jambyl» Telegram-ботының көмегімен кәмелетке толмағандарға қатысты жасырын сипаттағы бірнеше қылмыс пен құқық бұзушылық анықталды.
Форумда жазаның бұлтартпастығы мен синтетикалық есірткілердің зиянды әсерін көрсететін тақырыптық бейнероликтер ұсынылды.
Ауданның ауылдық елді мекендерінде және аймақтың басқа да аудандарында осындай ауқымды іс-шаралардың басталғаны жарияланды.
Жамбыл облысының прокуратурасы
Қауіпсіздік – бізге байланысты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр
- авторAR-AY
- 27 желтоқсан, 2024