Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қатысты мәлімет жарияланды

Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қатысты мәлімет жарияланды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ұшақ апатына ұшыраған жерден Маңғыстау облыстық ауруханасына 29 зардап шеккен адам емдеуге жатқызылды,деп хабарлайды arainfo.kz.

Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 зардап шегуші жеткізілді, қабылдау бөлімі деңгейінде сұрыптау жүргізіледі.

Жеткізілген жағдайы ауыр 27 адамның 11-і реанимацияға жатқызылады.  Облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы 2 бала келіп түсті, операцияға дайындалуда.

Жеткізілген 27 адамның жағдайы ауыр 10 адамы реанимацияға жатқызылады.  Облыстық балалар ауруханаға 2 бала түсті.

Ақтау қаласы маңында «Баку–Грозный» бағытындағы ұшақ сағат 11:10-да апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 12 адам аман қалып, олар Ақтау қалалық ауруханасына жеткізілді. Ұшақ бортында болғандардың ішінде 6 қазақстандық азамат бар екені анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Сонымен қатар, Бас прокуратура әуе апатын тергеу мақсатында ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын хабарлады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар