Су тасқыны кезінде республика бойынша 120 мыңнан астам азамат құтқарылды
- author AR-AY
- 25 желтоқсан, 2024
- 27
Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.
Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.
Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.
Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.
Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.
Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.