
Аудан жастары арасында іріктелген үміткерлерден 70 өтінім қабылданған. Соның ішінде өңірдегі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымы қалыптасқан әртүрлі салаларда жетістікке жеткен жастар арнайы номинацияларға ие болды.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Олжас Баққараев «Байзақ үздіктері» жастар сыйлығының ережесіне сәйкес, 10 аталым бойынша топ жарған үздіктерді құттықтап, марапаттады.
Атап өтер болсақ, Дидар Сырғабаев – «Үздік жас педагог», Дария Егембердиева – «Үздік жас медицина маманы», Есжан Құрманбай – «Үздік жас спорт маманы», Айдос Іңкәрбек – «Үздік жас мемлекеттік қызметкер», Айгүл Нұрова – «Үздік жас құқық қорғау қызметкері», Дулат Дүйсенбаев – «Үздік жас жұмысшы», Ұлболсын Ахмет – «Үздік жас кәсіпкер», Мадина Шадыхан – «Үздік жас мәдениет қызметкері», Үміт Шарипбаева – «Үздік жас әлеуметтік сала қызметкері» және Бағжан Өксікбай «Үздік белсенді жас» атанды.
Сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Қуандық Құрманәліге, білім бөлімінің әдіскері Зәуреш Сатылғановаға, аудан әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Дәурен Байгудтиновке аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Жиын соңы аудан өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
«AR-AI»-ақпарат