Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында еліміздің жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі

Жамбыл облысында еліміздің жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі
Ашық дереккөз
Облыс экономикасындағы негізгі үлес өнеркәсіп өндірісіне тиесілі - 19%, ондағы өңдеу өнеркәсібі секторының үлесі – 65,4% (891 кәсіпорында (17 ірі, 25 орта, 849 шағын) 46 мың тұрғын жұмыс істейді),деп хабарлайды arainfo.kz

Жыл басынан бері 727,8 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Химия және құрылыс индустриясы өңдеу өнеркәсібінің негізгі өсу нүктелері болып табылады. 

Облыста Қазақстанның жалпы химия саласы өнімінің шамамен 24%-ы өндіріледі. Химия кәсіпорындары республика бойынша 100%фосфор, 81% минералды тыңайтқыштар шығарады. 

Облыста 13 млрд. тонна қоры бар 48 фосфорит кен орны шоғырланған.

Жыл басынан салада 212 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, облыс бойынша экспорт көлемінің 77%-дан астамын қамтамасыз етті.

2030 жылға қарай тыңайтқыштардың премиум маркалары (суда еритін фосфор тыңайтқыштары) мен құндылығы жоғары өнімдерді (глифосат, тамақ өнімдері, тіс, фармацевтикалық, электронды бұйымдар, отқа төзімді материалдар) жылына 1 млн. тоннаға дейін өндіруді жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар аясында өңірге 1 млрд. АҚШ долларына дейін инвестиция тартылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар