Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді
Ашық Дереккөз
«Көп бала көгергенімізге жақсы» дейді қазақ. Осы сөздің астарынан-ақ әр отбасында қарадомалақтар қатарының көп болуы халық санының өсуіне, ұлт болашағына әсер ететінін байқауға болады. Сол үшін де біз құрып отырған қоғамда көпбалалы аналарға көрсетілер құрмет те айрықша.

Жуырда Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков бірқатар көпбалалы анаға құрмет көрсетіп, оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапаттады.

– Егемендік жылдары демографиялық саясатқа ерекше назар аударылды. Соның арқасында халық саны бүгінде 20 миллионнан асты. Тараз қаласы тұрғындарының да саны артып, 430 мыңға жетті. Бүгінде елімізде ана мен баланы қорғау мақсатында көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жүзеге асуда. Мұның барлығы біздің елімізде әйелдер қауымының орны биік екенін айғақтайды. Біздің сіздермен жүздесуіміз де соның айқын бір көрінісі. «Бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербеткен» аяулы аналар ұрпағының қызығын көрсін! – деп тілегін білдірген Бақытжан Әмірбекұлы 6 әйелге «Алтын алқа», 29 анаға «Күміс алқа» табыс етті.

Құрметке бөленген марапат иелері де өз кезегінде қала басшылығына шынайы ризашылықтарын білдірді. Өмірге 9 перзент әкеліп, тәлім-тәрбие беріп отырған Жәмила Әкетаеваға да «Алтын алқа» табысталған болатын.

– Отбасында 4 ұл, 5 қыз тәрбиелеп отырмыз. Балаларымның үшеуі студент. Өз анам да 11 құрсақ көтерген батыр ана. Мен сол аналарымыздың жолын жалғап, жас кезімнен көп бала тууды мақсат тұттым. Баласы көп үйде береке мол болады. Әр қыз балаға біздің жолымызды берсін, – деді Жәмила Тастанбекқызы.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Хабарландыру!
Алдыңғы мақала
Хабарландыру!

Ұқсас жаңалықтар