Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жол картасы жүйелі жүзеге асуда

Жол картасы жүйелі жүзеге асуда
Ақәділ Рысмахан
Кеше облыс әкімдігінде аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «AMANAT» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуда партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасының 2024 жылғы көрсеткіштерінің орындалу барысы қаралды.

Жиында алғаш болып сөз алған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов жол картасында жалпы 103 көрсеткіш бар екенін жеткізді. Жол картасындағы осы жылға енгізілген 98 көрсеткіштің 44-і орындалса, 54-і орындалуда.

Бұдан кейін Ербол Қарашөкеев сайлауалды бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ж а й л ы б а я н д а д ы . А й м а қ басшысының айтуынша, биыл жол картасында көрсетілген ш а р а л а р д ы і с к е а с ы р у ғ а республикалық бюджеттен 73,2 миллиард, жергілікті бюджеттен 1 0 8 , 4 м и л л и а рд , ба рл ы ғ ы 181,6 миллиард теңге қаражат қарастырылыпты.

– Облыс экономикасының дамуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бойынша ауылшаруашылығы саласына 24,6 миллиард теңге субсидия бөлініп, облысқа 14,9 миллиард теңге инвестиция тартылды. Он айдың қорытындысы бойынша қаржының 20,8 миллиард теңгесі игерілді. 10,8 миллиард теңгеге 163 жұмыс орнын құруды көздейтін 12 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін тағы 1 жоба іске асырылады.

Салада 454,2 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, егістік алқабы 626,7 мың гектарды құрады. Өңірде егін жинау науқаны аяқталып, 3,6 миллион тонна өнім жиналды. Биыл алғаш рет ауылшаруашылық техникасының лизингі бойынша бағдарлама іске асырылып, 3,2 миллиард теңгеге жылдық 5 пайызбен 244 техника сатып алынды. Одан бөлек «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жылдық 2,5 пайызбен 68 ауылшаруашылық техникасы, 116 аспалы және тіркеме техникасы және 7 қызылша жинау комбайны с а т ы п а л ы н д ы . Н ә т и ж е с і н д е ауылшаруашылық техникасын жаңарту деңгейі 8,2 пайызды құрады, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Биыл шағын және орта бизнесті дамытуға 16,6 миллиард теңге бағытталған. Сондай-ақ 31,1 миллиард теңгеге 1 156 жоба қаржыландырылған. Бизнесті дамыту мақсатында екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары арқылы 38,6 мың кәсіпкерге 154,5 миллиард теңге несие беріліпті. Нәтижесінде шағын және орта бизнес кәсіпорындары шығарған өнім арқылы 596 миллиард теңге табыс түскен. Қазіргі уақытта 104,3 мың кәсіпкерлік нысан қызмет етіп тұрса, онда 164,6 мың адам жұмыспен қамтылған.

Бағдарламада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы да қамтылған. Биыл әлеуметтік саланы қамтамасыз етуге 42,3 миллиард теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

– И н ф р а қ ұ р ы л ы м ж ү й е c і н жақсартуға қатысты шаралар негізінде өңірде тұрғын үй мәселесі кезеңкезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен ықшамаудандар салынуда. Нақтылап өтсек, облыста 635,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 3 709 пәтерлі 78 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Есепті кезеңде 1 069 пәтерлі 24 үй пайдалануға беріліп, жыл соңына дейін тағы 955 пәтерлі 17 үй тапсырылады. Бұдан бөлек 23,2 миллиард теңгеге көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 575 пәтер сатып алынды. Құрылыс және сатып алу есебінен әлеуметтік осал санаттағы 1 963 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Одан бөлек «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жасты баспанамен қамту жоспарланса, бүгінге дейін 15 отбасы пәтерге қол жеткізді, – деді Е.Қарашөкеев.

Ербол Шырақпайұлының айтуынша, өңірде әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі таңда 13 білім ошағы ел игілігіне пайдалануға берілсе, оның үшеуі «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған. Денсаулық саласында да бірқатар жаңашылдық бар. Биыл 7,4 миллиард теңгеге 26 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде. Пайдалануға берілген 21 нысанның 18-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында салынған. Екі қалалық медициналық мекеме күрделі жөндеуден өткен.

– Бюджет қаражаты есебінен 5 миллиард теңгеге 18 медициналық диагностикалық техника, атап айтқанда, төрт компьютерлік томография, бес кешенді рентген, екі ультрадыбыстық зерттеу құрылғысы, екі маммограф, үш флюрограф, бір нейронавигациялық жүйе, бір жылжымалы кешенді рентген сатып алынды. Сондай-ақ 38 санитарлық автокөлік пайдалануға беріліп, жедел жәрдем жұмысының сапасы мен ауылдық жерлерде медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасалды.

Жыл басынан 1 383 телемедициналық кеңес берілді. Ресей Федерациясы Ұлттық медициналық зерттеу орталығында 5 дәрігер біліктілігін арттырса, 287 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Жыл соңына дейін тағы екі мәдениет нысанын іске қосу жоспарланыпты. Бұдан бөлек 17 мәдениет нысаны жаңғыртудан өтсе, екеуі күрделі, 15-і ағымдағы жөндеуден өткен. Жалпы биыл мәдениет саласында 3 миллиард теңгеге 16 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде жыл қорытындысымен халықты мәдени инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі 84,8 пайызға жетпек.

– Осы жылы спорт саласына жергілікті бюджеттен 15,8 миллиард теңге бөлінді. Облыста 2,6 миллиард теңгеге 15 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатса, 5 спорт кешені мен 103 спорт алаңы пайдалануға берілді. Сонымен қатар 2025 жылға өтпелі 5 спорт кешені бар. Сол секілді бюджеттен тыс 880 миллион теңге қаражат есебінен 4 спорт нысаны қолданысқа берілсе, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 2 модульдік спортзалды пайдалануға беру жоспарлануда.

Облыста 12 спорт түрінен 48 спорт секциясы ашылып, 2 883 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. 8 спорт нұсқаушысы штаттық бірлігі енгізіліп, өңірдегі спорт нұсқаушыларының саны 305-ке жетті, – деді аймақ басшысы.

Әлеуметтік жағынан осал топқа жататын азаматтар мен жастарды қолдау да назардан тыс қалмаған. Салада атқарылған жұмыстардың көрсеткіші көңілге қонымды. Тарқатып айтсақ, Байзақ ауданында «Отбасын қолдау орталығы» ашылса, дәл осындай 2 орталық Жуалы және Жамбыл аудандарында да жұмысын бастайтын болады. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 1 008 адамға 1 488,6 миллион теңге грант беріліп, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытында 220 нысан бейімделіпті. Сонымен бірге жыл басынан бері 23,7 мың жас белсенді жұмыспен қамту шараларына тартылыпты. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 164 маманға 1,3 миллиард теңге бюджеттік несие берілген. Еңбек нарығын дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде «Жастар практикасына» 2 531 түлек жолданыпты.

Экологиялық жағдайды жақсарту бойынша Тараз қаласы мен аудандарда 118,5 гектар жерге 176,6 мың көшет отырғызылған. Сол секілді биыл қоқыстарды жинауға арналған 728 контейнер орнатылып, жоспар асыра орындалған екен.

Басқосуда облыстық мәслихат депутаттары өзекті мәселелерді де ортаға салды. Мәселен, Оралхан Дәуіт «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында пәтер алмаған 125 жастың жыл соңына дейін баспаналы болып үлгеретіндігіне алаңдаушылық білдірсе, Керімқұл Бегалиев облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы жылына 10 миллион теңге төлеп нысанды жалға алып отырғанымен, онда лайықты жағдай жасалмағанын тілге тиек етті. Халық қалаулысының бірі Анар Бексұлтанова өңірде мүгедектігі бар өрендер үшін инклюзияны қолдау кабинеттері көптеп ашылса, онда балаларға жайлы жағдай жасалса деген тілегін жеткізді.

Жиында депутаттарға көтерілген мәселелер бойынша облыс әкімі және тиісті басқарма басшылары тарапынан жауап берілді. Басқосуды қорытындылаған «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов жол картасы аясында құрылысы басталған нысандардың с а п а с ы н б а қ ы л а уд а ф р а к ц и я депутаттары, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері белсенділік танытулары қажеттігін еске салды. Сондай-ақ жергілікті әкімдіктермен бірлесе тиісті жұмыстарды жүргізіп, халықтың әл-ауқатын арттыру, аманатын орындау мақсатында абыройлы жұмыс істеуге шақырды.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар