Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова лауазымды қызметке сайланды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова лауазымды қызметке сайланды
olympic.kz
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жыл қорытындысы жиынында Даниал Ахметов өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдед,деп хабаралйды arainfo.kz

Федерация президенттігіне Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты.

Жиынға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, федерация басшылығы, спортшылар және өңірлік өкілдер қатысты. Министр Даниал Ахметовке атқарған қызметі үшін алғыс білдіріп, Ольга Рыпакованың федерацияны жаңа биіктерге көтеретініне сенім артты.

«Жеңіл атлетика – еліміздегі танымал спорт түрлерінің бірі. Ольга Рыпакова отандық спорттың дамуына зор үлес қосады деп сенеміз», – деді Ербол Мырзабосынов.

Ольга Рыпаковаға халықаралық ынтымақтастықты арттыру және спортшылардың дайындығына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар