Қазақстандық полицей джиу-джитсудан әлем чемпионатында алтын алды
- author AR-AY
- 9 желтоқсан, 2024
- 125

Халықаралық деңгейдегі жарысқа 32 елден 860 спортшы қатысып, өзара шеберлік байқасты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылардың қатысуымен өткен додада бәсекелестік өте жоғары болды. Қазақстан құрамасы сапында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Оқу-жаттығу взводының инспекторы Маханбет Нұржан да өнер көрсетті.
Спорт пен жауапкершілікті талап ететін қызметті қатар алып жүрген Маханбет Нұржан бұл жарыста өз шеберлігін дәлелдеп, жоғары нәтиже көрсетті. Финалдық бәсекеде қарсыласына еш мүмкіндік бермей, жүлделі 1-орынды иеленді. Бұл жеңіс – тек оның спорттық мансабындағы маңызды жетістіктерінің бірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның джиу-джитсу спортының халықаралық аренадағы беделін арттыруға қосқан үлкен үлесі.
Маханбет Нұржанның бұл жетістігі оның табандылығы мен кәсібилігінің жарқын көрінісі және еліміздің спорт саласындағы жоғары деңгейін айқындайды.