Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда
Ашық Дереккөз
Жуырда облыстық жастар ресурстық орталығының құрылғанына 20 жыл толуына орай осы салада еңбек ететін қызметкерлер арасында спартакиада ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шара екі спорт түрі, яғни ерлер арасында футзал және әйелдер арасында волейбол бойынша өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спартакиада өткізудегі басты мақсат – жастар ресурстық орталықтары қызметкерлері арасында бірлікті нығайтып, ынтымақтастық қарым қатынасты қалыптастыру.

– Мерейтойға арналған спартакиадаға облыстық, Тараз және Шу қалалық жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлерінен және аудандардағы орталықтардан жасақталған 13 команда қатысты. Біз үшін олардың арасындағы өзара достықты арттыра түсу маңызды, – деді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадралиев.

Спартакиадаға қатысушылар жарыс болса да әріптестеріне деген сыйластықтан аттамай, әдемі ойын үлгісін көрсетті.

– Сарысу ауданының құрамасы футзал, волейбол жарыстары бойынша сынға түсті. Ойынға тыңғылықты дайындалдық, жақсы ойын көрсеттік деп ойлаймыз. Спартакиада барысында спортта да осал емес екенімізді байқатып қана қоймай, командалық рухымыздың мықты екенін дәлелдей алдық, – дейді Сарысу аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Мадина Пірімбек.

Жарыстың қорытындысы бойынша футзалдан Жамбыл аудандық жастар ресурстық орталығының командасы І орынды иеленді. Т.Рысқұлов ауданының командасы ІІ орынды қанжығасына байласа, Байзақ ауданының командасы үздік үштікті түйіндеді.

Волейболдан Шу ауданының командасы жеңімпаз атанды. Мойынқұм аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері ІІ орынға лайық деп танылса, сарысулық жастар ІІІ орынды місе тұтты.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар