Беташар адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енді
- author AR-AY
- 5 желтоқсан, 2024
- 39
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Парагвай астанасы Асунсьон қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 19-шы сессиясында қазақтың ежелден келе жатқан «Беташар» салты Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді.
Аталған сессия барысында Комитет 58 елден ұсынылған 58 номинацияның 45-ін қарастырып, соның ішінде 43-ші реттік нөмірмен «Беташар» рәсімі ЮНЕСКО-ның репрезентативтік тізіміне енді.
Бүгінде ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне 13 элемент кірді, оның 5-еуі қазақтың ұлттық мәдени мұрасына қатысты. Тізімнің қатарында «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй ойнауы» (2014), «Қазақ күресі» (2016), «Асық ату ұлттық ойыны» (2017), «Қазақ жылқы баптайтындарың көктемгі мерекелік салт-дәстүрлері» (2018), қазақтың ұлттық биі «Ортеке» (2022) бар.
«Киіз үй тұрғызу» (2014), «Айтыс өнері» (2015), «Наурыз» және «Қатырма» (2016), «Қорқыт ата мұрасы» (2018), «Тоғызқұмалақ» (2020) және «Құсбегілік» (2021), «Қожанасырдың әзіл әңгімелері» (2022) секілді ұлттық 8 элемент түркілерге ортақ мәдени мұра ретінде енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде екі жүлдеге ие болды
- авторAR-AY
- 12 желтоқсан, 2024