Ерлан Бейсенұлы 1993 жылы Талас ауданы, Қаратау қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2015 жылы құқық қорғау органдары саласынан бастаған.
2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің әдіснама басқармасының сарапшысы, 2019-2020 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді сараптау басқармасының бас сарапшысы, басшысы, 2020-2022 жылдары ҚР Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаменті нормативтік құқықтық актілерді сараптау және мониторингі басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты заң қызметінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі