Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2025 жылы Ұлттық қордан балалардың есепшотына түсетін ақша мөлшері белгілі болды

2025 жылы Ұлттық қордан балалардың есепшотына түсетін ақша мөлшері белгілі болды
Ашық дереккөз
Ұлттық банк мәліметінше, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы негізінде берілетін қаржы қаңтар айында түседі,деп хаюарлайды arainfo.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова биыл ұлттық қордан аударылатын қаражаттың көбірек болатынын хабарлады. Қаржы институтының мәліметінше,  ұлттық банк ұлттық қорды басқарудан 5,3 миллиард доллар табыс тапқан.

Молдабекова брифингте: «Ақша қаңтарда аударылады. Өткен жылы әр балаға 100 доллардан бөлінді. 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте табысты болды. Сондықтан жылжымалы орташа деңгей өсіп жатыр. Келесі жылдың қаңтарында сома жоғары болады», – деді.

Алайда, ұлттық банк нақты соманы атай алмады. Төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, төлемдер 2025 жылдың қаңтарындағы бала санына байланысты болады.

Бағдарлама бойынша ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі қазақстандық балалар арасында бөлінеді. Биыл 18 жасқа толған азаматтар 100,05 доллар алды. Жыл басында елде 6,9 миллион кәмелетке толмаған бала болған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар