Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 2917 данасынан үлгі алынып, сынамадан өткізілген. Сәйкесінше, жол-құрылыс материалдарының 867 данасы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған.
– Іс-сапарлар кезінде республикалық маңызы бар жолдарда жалпы 308 ақау анықталды. Нақтылай түссек, жол бетіндегі шұңқырлар, темiр коршаулардын зақымдануы, кысқы жол күтіміндегі ақаулар мен жол жиегіндегі қар жамылғысы және қар тазалау барысындағы олқылықтар белгілі болды. Қазіргі таңда барлық анықталған ақаулар бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына 167 хат жолданды. Әрине, мердігерлер ең алдымен, жұмыстың сапасына айрықша көңіл бөлсе, асфальт жабынын орнату технологиясы өз жемісін береді. Тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдар сапаға мән берсе, жол-құрылыс саласында кемшіліктер жойылып, заң бұзушылықтар тыйылар еді, –
инженер Тойшыбай Аляхметов.
Атап өтерлігі, ведомстов ұсынатын қызметтің екінші түрі – жалпы пайдалымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге ведомствалық сараптама жүргізу. Жыл басынан 110 келісім-шарт жасалынған. Оның ішінде, 101 жобаға оң нәтиже берілген.
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024