«ТІЛІМ МЕНІҢ – ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ»
Бүгінгі жас өскіннің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектепте «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында апталық ұйымдастырылды.
Апталық аясында тілдің қадір-қасиетін түсінуге, өзге тілдің бәрін біліп, өз тіліңді құрметтеуге үндейтін өнегеге толы іс-шаралар қолға алынды. Мәселен, ана тіліміздің тұғырының мықты болуының негізін қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің тілдерін құрметтеу мақсатында 7-сынып оқушыларымен «Тіл – ұлттың жаны» атты пікірсайыс өткізілді.
Сондай-ақ, «Тіл – татулық тірегі» тақырыбындағы мектепішілік мәнерлеп оқу байқауында алғырлық танытқан шәкірттер марапатталды.
Роза ӘБЕНОВА, Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектептің мұғалімі, Тараз қаласы
Келесі мақала