Тараздағы әскери бөлімде ақын Үміт Битеновамен кездесу кеші өтті
- author AR-AY
- 26 қараша, 2024
- 158
Бұл шараға қазақтың қара өлеңін қастерлеп, өнер туын жоғары ұстап жүрген талантты ақындар қатысты. Олардың қатарында Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының ғылыми қызметкері, айтыскер ақын Ербол Қамбатыров және «Құрмет» орденінің иегері, ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі Үміт Битенова бар. Олар сарбаздармен шығармашылық сыр бөлісіп, мазмұнды өлеңдері мен әсерлі әндерін ұсынды.
Кеш барысында қатардағы жауынгерлер Асылбеков Нұртуған, Кеңесов Мейіржан, Насыров Тұрсынжан, Қалықұл Нұржігіт және Маратұлы Мақсат Үміт Битенованың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ, жауынгерлер Құндызбек Бегзат пен Тоқсейіт Олжас ел арасында кең тараған танымал әндерді орындап, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараның соңында 5513 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің аға көмекшісі лейтенант С. Әзімхан бөлім командирі, полковник Кәдірбек Ғазиз Оңласынұлының атынан ақын Үміт Қыранқызына алғыс хат пен гүл шоғын табыс етті.
Бұл поэзия кешінің негізгі мақсаты – жастарға үлгі-өнеге көрсету, қазақ поэзиясын насихаттау және сөз өнерінің құндылығын дәріптеу. Ербол Қамбатыров пен Үміт Битенова сынды өнегелі отбасының шығармашылық және өмірлік жолы арқылы өнер мен адамгершіліктің маңыздылығын таныту болды.
Шараны ұйымдастыруға Тараз қаласындағы Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлері атсалысып, жоғары деңгейде өткізілуіне үлес қосты.«Жұлдыз шашқан жырлар» поэзия кеші сарбаздардың рухын көтеріп, қазақ поэзиясының көркемдігін терең түсінуге ықпал еткен рухани азық болды.
Түркістанда жаппай банан пісіп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық фильм халықаралық фестивальде екі жүлдеге ие болды
- авторAR-AY
- 12 желтоқсан, 2024