Таразда балалар құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген ІІ өңірлік форум өтті
- author AR-AY
- 26 қараша, 2024
- 227

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 10 айында профилактикалық жұмыстар нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 7,7%, оларға қарсы жасалған қылмыс 12,8% төмендеді. Өңірде «Komek Stop Bullying» жобасы іске асырылып, 447 мектеп пен 20 колледжге QR кодтары орнатылды. Жыл басынан бері 428 хабарлама түсіп, 115 құқық бұзушылықтың алдын алу жүзеге асты.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жасөспірімдер арасындағы қылмыс деңгейінің төмендемегеніне алаңдаушылық білдіріп, мектеп әкімшіліктерінің оқиғаларды жасыруына назар аударды. Ол ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік желінің ықпалына қарсы сапалы тәрбие беру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, балалардың көшеде жүруі және суицид мәселелері бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Форумда облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, сондай-ақ облыс прокурорының орынбасары Бахтияр Мұхамеджан сөз сөйлеп, өңірлік ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Сарысуда «Жаңару күні» аясында 27 мың түп тал отырғызу акциясы басталды
- авторAR-AY
- 19 наурыз, 2025