Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«АЛҚАПТАН СӨРЕГЕ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

«АЛҚАПТАН СӨРЕГЕ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
ашық дереккөз
«АЛҚАПТАН СӨРЕГЕ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Облыс әкімі Н.Нұржігітовтің «Алқаптан сөреге» жобасына қатысты тапсырмасына сәйкес Сарысу ауданында 96 азаматқа бақша өнімдерін егуге 36 гектар жер телімі беріліп, нәтижесінде 630 тонна бақша өнімдері өндірілді. Ал ауыл тұрғындарының қажеттілігінен артылған өнімдер аудан тұрғындарына сатылуда. Осы бастаманы қолдаушы Игілік ауылдық округінің «Алмас-К» шаруа қожалығының төрағасы Қ.Жүсіпалиев тәжірибе ретінде Талас өзені арнасының 8 гектар жеріне бақша дақылдарын екті. Атап айтқанда, 4,5 гектар жерге картоп, 2 гектарға қауын-қарбыз, асқабақ, 1,5 гектарына сәбіз егіп, бүгінгі күні өнім жиналып, аудан тұрғындарына өткеруде. Мәселен, 1 гектар алқаптан 150 центнер картоп өнімі алынды. Бұл жерде айта кететін басты мәселе, егілген бақша дақылдары сусыз өніп отыр. Себебі, өткен жылы су келмегенмен, көлтабанда дақылдарды суаруға жеткілікті ылғал сақталған. Келер жылдың өнімі үшін осы тәжірибені әрбір ауылдық округте қолданып, тұрғындарға бақша дақылдарын егуге жер телімдерін беріп, аудан тұрғындарын азық-түлік, бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге мол тәжірибе іске қосылатын болды. «Алмас-К» шаруашылығы еккен картоп, сәбіз, бақша өнімдері арада делдалсыз ауыл тұрғындарына арзандатылған бағамен сатылады. Сонымен қатар өндірілген өнім ауыл шаруашылық жәрмеңкелері мен Тараз қаласында жуырда аудандардың қатысуымен өтетін кеңейтілген жәрмеңкеде облыс тұрғындарына ұсынылатын болады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар