Айталық, алып құрылыс алаңына айналған Тараз қаласындағы «Ұлы дала» ықшамауданында қазір 34 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 10 үйдің құрылысы толығымен тәмамдалса, 17-сін 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Ал қалған 7 тұрғын үй 2025 жылға өтпелі.
Сондай-ақ Асанбай Асқаров көшесінің соңындағы тұрғын алқапта (16 ықшамаудан) 16 үйдің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған. Бүгінде 6 тұрғын үй пайдалануға қабылданған. Сонымен қатар мемлекеттік құрылыс саласындағы келісімшартқа сәйкес осы жылдың соңына дейін 6 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Аталған шартқа байланысты «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігерлігімен қалған 4 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі. Бұған қоса биылға аталған алқапқа қосымша 66 тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.
Ерекше атап өтерлігі, биыл «Әулие Ата» (14) ықшамауданында да құрылыстың қазығы қағылды. Нақтырақ тоқталсақ, мұнда «22 тұрғын үйдің құрылысын салу» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы толық әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жобалаушы мекемесі – «Капитал Проект» ЖШС.
Қазіргі таңда нысандардың мердігер мекемелері анықталып, келісімшарт жасалған. Ал техникалық қадағалау бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, келісімшарт жасалуда.
Бүгінде аталмыш нысандарды құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Жоба бойынша тұрғын үй ішкі алаңдық инженерлік желілерімен бірге қарастырылған.
Тараз қаласы әкімдігінің
медиа орталығы