Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Жандар Тоқсаба өңірде спорт саласына айрықша қолдау көрсетіліп жатқанын айта келіп, командаларға сәттілік тіледі.
Ал тартысты өткен турнирде Тараз қаласы мен барлық аудандардан келген командалар бақ сынап, кім мықтыны анықтады. Қорытындысында Тараз қаласының командасы жүзден жүйрік шығып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Күміс жүлдені Т.Рысқұлов ауданының командасы иеленсе, үздік үштікті Мойынқұм ауданының командасы түйіндеді.
Сонымен қатар жарыста ерекше көзге түскен жаттықтырушылар мен спортшылар да назардан тыс қалған жоқ. Ең жас спортшыны дайындаған бапкер ретінде Руслан Байгелді «Үздік бапкер» номинациясымен марапатталды.
Бұл турнир қатысушылар үшін тек спорттық бәсеке ғана емес, бір-бірімен достық қарым қатынасты нығайтуға және ортақ құндылықтармен бөлісуге мүмкіндік берді.
Айжан ӨЗБЕКОВА