Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
ашық дереккөз
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Кеше облыс әкімінің орынбасары – облыстық шақыру комиссиясының төрағасы Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен жиында күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мәселесі қаралды. Жиынға ҚР Қарулы күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Рустам Акбаров, бірқатар басқармалардың, департаменттердің басшылары қатысты. Басқосуда алдымен көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы бойынша облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрбол Зейнелов баяндама жасады. Нұрбол Қуантқанұлы өз баяндамасында дәрігерлік және шақыру комиссияларының жұмысындағы бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Сондай-ақ әскерге шақырылған жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізудегі мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы жан-жақты баяндады. Одан бөлек мерзімді әскери қызметке шақырудан босатудың негіздері мен тәртібін түсіндіріп өтті. Н.Зейнелов жиынға қатысушылардың назарына осы жылдан бастап мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату функциялары мемлекеттік қызмет ретінде жүзеге асырылатынын және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетінін жеткізді. «Әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыру немесе босату» мемлекеттік көрсетілетін қызметтік алу үшін жеке тұлға www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жолдайды. Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірқатар азаматтар баяндама жасады. Басқосуды қорытындылаған Нұржан Сәбитұлы жауапты басқарма, департамент басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар