Бұл жайында Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириеллидің екі жақты кездесу барысында мәлім болды.
Арман Шаққалиевтің айтуынша, Италия Еуропалық Одақ елдері арасында Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып табылады. 2023 жылы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымы $16,1 млрд құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8%-ға көп. Қазақстаннан Италияға экспорт $14,8 млрд жетті, ал импорт $1,2 млрд құрады, бұл өсімнің оң динамикасын көрсетіп отыр. Сауда-саттықтың өсуі ағымдағы жылы да жалғасын тапты.
2024 жылдың сегіз айында сауда көлемі 33%-ға өсіп, $13,8 млрд құрады, бұл ретте қазақстандық өнімнің экспорты 36% -ға артып, $12,9 млрд. жетті.
«Біздің сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасымыз нығая түсетініне сенімдіміз. Қазақстан Орталық Азияда негізгі орынға ие және Еуропаны өңірмен байланыстырады. Екіжақты сауда көлемі едәуір өсті және біз қол жеткізілген нәтижелерге қанағаттанамыз, деді Италияның сыртқы істер министрінің орынбасары.