ҰСТА СОҚҚАН ТЕМІРДЕН, ӘРТҮРЛІ АСПАП, САЙМАН БАР
Ұста соққан темірден,
Әртүрлі аспап, сайман бар. Темірсіз тендік алмайды, Керектісін сайлаңдар.
Жауға арнап соғылған, Қан ішуге қылыш бар. Қылыш барда жауыңнан, Құтылуға тыныс бар.
Ақтаруға жер қойнын, Арнап соққан кетпен бар. Кетпен алып қолына, Мұратына жеткен бар.
Ағаш кессең, арнаулы, Балта менен ара бар. Түрлі сайман ағаштан, Балта арқылы таралар.
Тетігін тауып темір соқ, Қысқаш пенен балға бар. Өнеріңе үйлесің,
Темірсіз болмас, тандап ал.
Бір қылыштан басқасы – Күн көрудің құралы.
Ағаш кес, мейлі жерді қаз, Дайын болып тұрады...
Дулат БАБАТАЙҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Байзақ ауданында үш фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді
- авторAR-AY
- 1 шілде, 2025