Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстың автожолдарында 2633 тексеру жүргізіліп, 16,5 мың шақырымға жуық жол тексерумен қамтылды. Тексеру барысында облыстың жолдарынан 12044 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол құрылысына жауапты мекеме басшыларына орындау үшін 2633 нұсқама берілді.
Берілген нұсқамалардың негізінде жолдарға 1297 жол белгісі, 3 бағдаршам нысаны орнатылды, 10 мың шақырымнан астам жол таңбасы жаңартылып, 11 мың шаршы метрге жуық шұңқырларға жөндеу жүргізілді. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 332 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жол-техникалық инспекция қызметкерлері берген нұсқамаларды орындамағаны үшін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша Тараз қаласы әкімдігінің, Т. Рысқұлов және Меркі аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімдерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024