Жаңалықтар
Қордайда жылына 1,3 млн тонна цемент өңдеуге қауқарлы зауыттың құрылысы жүруде
- author AR-AY
- 15 қазан, 2024
- 90
«Alacem» сингапурлық компаниясы Жамбыл облысында цемент зауытын салу жобасын жүзеге асыруда,деп хабарлайды arainfo.kz
Жобаның жылдық қуаты 1,3 млн. тоннаны, оған тартылатын инвестиция көлемі 50 млрд.теңгені құрайды.Өндіріс ошағы іске қосылғаннан кейін 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Зауыт цехтары 2024 жылдың соңына қарай кезең-кезеңімен іске қосыла бастайды, ал келер жылы толық қуатына шығуды жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорын ішкі нарықты отандық өніммен қамти отырып, осы саланың бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа бағдарлануын арттыруға мүмкіндік береді.
Келесі мақала