Бір айта кетерлігі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне еніп, соған сәйкес жаңа тәсілдер аясында тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданған.
Жақында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, қызметтер көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелердің түйінін тарқату мақсатында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес жиында алдымен облыс әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Ғалия Боранбаева баяндама жасады. Ғалия Бектенқызы өз есебінде бөлімнің 2024 жылдың екінші тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша бағалау көрсеткіштері және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша бақылау шаралары туралы баяндады.
Б а я н д а м а ш ы н ы ң а й т у ы н ш а , мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары – 174, кіші түрімен қоса алғанда 281 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Тарқатып айтсақ, қағаз түріндегі – 11, электронды – 270, мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін 89 қызмет түрі бар.
– Жалпы орындалу көрсеткіштеріне тоқталсам, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша 6,3 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде электронды – 6 247 494, қағаз түрінде – 49, баламалы қағаз негізінде 87 651 қызмет ұсынылған. Есепті мерзімде жергілікті атқарушы органдар қызмет алушылардың құжат топтамасын толық ұсынбауы немесе дұрыс толтырмауы себебінен 1 166 қызметті көрсетуден бас тартты. Былтыр «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігі тарапынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік зерделеу барысында мемлекеттік қызметтің 423 түрі бойынша 62 823 респонденттің арасында сауалнама жүргізілді. Қоғамдық мониторинг көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілді. Әлеуметтік зерттеу облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің 7 түрі бойынша жүргізілді. Жалпы әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетті. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің көрсеткіші 4,64 балмен есептеліп, яғни толық қанағаттанған респонденттердің үлесі 74,6 пайызды құрады. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда өңірдің жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтеріне қанағаттану деңгейінің артуы, сондай-ақ қанағаттандырылған респонденттердің үлесінің өсуі байқалады, – дейді Ғалия Бектенқызы.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, ҚР Президенті Жарлығының негізінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бағалау әдiстемесіне сәйкес жыл сайын жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бағаланады. Яғни Президент әкімшілігі «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы» бойынша бағалау рейтингісін қалыптастырады. Бағалау нәтижелері бойынша, облыстың жергілікті атқарушы органдарының көрсеткіші 95,28 балға тең. Дегенмен аймақ тұрғындарының көрсетілетін қызмет сапасына шағымдану, мерзім бұзу, статистикалық мәліметтерді сапасыз ұсыну, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу фактілері бағалау нәтижесіне кері әсерін тигізіп жатқан көрінеді.
– Осы жылдың бірінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету барысында барлығы 28 мерзім бұзу фактісі орын алған. Атап айтқанда, Қордайда – 12, Меркіде – 4, Т.Рысқұлов пен Сарысу аудандарында – 3, Мойынқұмда – 2, Жуалы, Шу аудандарында 1 мерзім бұзу фактісі тіркелген. Сол сияқты облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкімдігі білім басқармасында да көрсетілген қызмет барысында мерзім бұзушылыққа жол берілген. Аталған кемшіліктерге себеп болған 11 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 12 қызметкерге 517 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Есепті кезеңде Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу аудандарының жүйелі түрде заңбұзушылықтарға жол бергенін атап өткен жөн. Мәселен, жер қатынастары саласында – 15, ауылшаруашылығы мәселесі бойынша – 6, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты 3 заңбұзушылық орын алды. Мерзім бұзу фактілерінің орын алуының басты себебі – «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін уақытылы қарамау. Яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандар өздеріне жүктелген міндет бойынша жауапкершілікке салғырт қараса, басшылық тарапынан да қадағалау деңгейі төмен болған, – деген Ғалия Боранбаева мемлекеттің қызмет көрсетуге жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары жайын баяндады.
«ҚР Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заң талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында осы жылдың бірінші жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдардың ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жылдық жоспарларға сәйкес 60 бақылау шарасын жүргізіпті. Тексеру жұмыстарының барысында жалпы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзудың 863 фактісі анықталған. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзудың – 500, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бекітілген стандартында көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған кезде мемлекеттік қызметті көрсетудің – 192, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген жұмыс кестесін сақтамаудың 68 фактісі тіркелген. Сондайақ бекітілген стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету бойынша – 7, заңнаманың өзге де талаптарын бұзуға қатысты 96 жағдай орын алған.
– Тағы бір атап өтер жайт, облыс бойынша 704 «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» жұмыс істейді. Олар Тараз қаласы мен аудандардың, ауылдық округтердің әкімдіктерінде, жергілікті атқарушы органдардың бағынысты мекемелерінде орналасқан. Есепті кезеңде тұрғындарға 2 000-нан астам мемлекеттік қызметтер «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы көрсетілді. Сондай-ақ Тараз қаласы мен аудандарда халыққа мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін «Сервистік әкімдіктер» қызметі қолжетімді. «Сервистік әкімдіктер» мемлекеттік қызметтерді алу барысында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар аудандардың кітапханаларында 178 «Цифрландырылған ақпараттық орталық» халыққа қызмет көрсетеді, – дейді Ғалия Бектенқызы.
Б а я н д а м а ш ы е с е б і н е н к е й і н қоғамдық кеңес мүшелері Рахматілдә Рахманбердиев пен Сәуле Рысбаева мерзім бұзу фактілеріне жол берген қ ы з м е т к е р л е р г е қ а н д а й ш а р а қолданылғанын сұрады. Ғ.Боранбаева өткен жылы Жамбыл ауданында мемлекеттік қызметкерлердің декреттік еңбек демалысына шығуы мен жиі ауысуы себебінен «Бір мезетте әскерге шақыруды кейінге қалдыру» деген қызмет түрі бойынша 16 мерзім бұзу фактісі орын алып, ол бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгенін айтты. Қордайда да былтыр әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру, сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелері құқықтарын сатып алу, қауіпті өндірістік объектілер салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу қызметтері бойынша 12 заңбұзушылық орын алған. Бұл бойынша қызметкерлерге еңбекақысына әсер ететін ескерту түрінде шара қолданылған.
Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы Жанәділ Қ ұ р б а н о в т ы ң а й т у ы н ш а , б и ы л департамент тарапынан сәулет, қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімін бұзу деректері бойынша бірінші басшыларға, ауылдық округ, бөлім басшыларына 7-8 әкімшілік хаттама толтырылса, рұқсат беру мерзімдерін бұзу деректері бойынша да Қордай ауданы тағы да көп кемшілік жіберген. Ауданда соңғы айда 13 заңбұзушылық фактісі есепке алынып, 3 ескерту, 7 әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ Рахматілдә Рахманбердиев мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңбұзушылықтардың жиі орын алуы тәртіптің жоқтығын көрсететінін айтып, қажет болса, аудан әкіміне де жаза қолданылу керектігін жеткізді. Қоғамдық кеңестің мүшесі Назима Жұбандықова аудандардағы «Сервистік әкімдіктер» мен «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» тиісті деңгейде жұмыс істемейтінін баяндады.
– Мәселен, Т.Рысқұлов ауданында «Сервистік әкімдік» мүлдем жұмыс істемейді, ол жерде тек қана «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мамандары ғана отырады. Расында да келген кәсіпкерлерге кабинет жетіспегеннен бе, әйтеуір, сол жерден кабинет жасап алған. Сарысудағы «Сервистік әкімдікте» интернет істемейді. Ондағы мамандар қандай мемлекеттік қызмет көрсетіп отыр? Олардың барлығы жоғарғы қабатта отырады, шағым келсе ғана түседі, әйтпесе ешқайсысы отырмайды. Яғни «Сервистік әкімдіктің» толыққанды жұмыс істейтініне мен тағы да күмән келтіремін. Тағы бір айтарым, әр округте «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы» тұр. Алайда ол өз деңгейінде жұмыс істеп тұрған жоқ. Керек десеңіз, Т.Рысқұлов ауданындағы Құмарық ауылында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының жергілікті филиалы өз аппаратын орнатып қойған. Кез келген азамат сол жерден қажетті анықтамаларды алуға болады-мыс. Алайда ол жерде де анықтама беретін монитордың барлығын электр желісінен ажыратып қойған. Яғни онда қызмет алуға ешқандай тұрғын келмейді деген сөз. Облыста қаншама тұрғын бар. 2024 жылы 6 айдың ішінде 2 310 тұрғынға сіздер семинар-кеңестер өткізіпсіздер. Алайда «семинар-кеңес болып жатыр, келіңіз, мемлекеттік қызмет алу туралы үйретеміз» деген ешқандай хабарламаны көрмедік. Осы жартыжылдықтың ішінде менің өзіме 87 тұрғын шағыммен келді. Оның барлығы да осындай қызмет алу барысында әділетсіздікке тап болдық деген реніш-өкпемен қайырылды. Неге ол азаматтар мемлекеттік қызмет алудың жолын білмейді? Сұрағым – осы. Бәлкім, сіздерде ақпараттандыру жұмысы өз деңгейінде жұмыс істемейді, – деді Н.Жұбандықова.
Кеңес мүшесі Сұлтан Өсербаев та баяндамашыға бірқатар ұсынысын жеткізді.
– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша әкімдікте жұмыс істейтін арнайы жауапты азаматтар бар ма? Мәселе осыда болып тұр. Айтпағым, айлық бекітіп берген маман жоқ, жұмысты бір адамға жүктеп қояды. Құқықтық мемлекет боламыз деп жатырмыз. Алайда елімізде тұратын әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру ісі әлі бір жолға қойылмаған. Қарапайым «eGov»-пен өтініш бере алмайтын азаматтарымыз көп. Сондықтан насихаттау жұмыстарын көбейту керек. Себебі қосымша жұмыс қазір әкімдікке жүктеліп отыр, – деді С.Өсербаев.
Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Ә бд і р а й ы м о в « Е - л и ц е н з и я л а у » ақпараттық жүйесін уақытылы қарамау, яғни мемлекеттік көрсетілетін қызметке жауапты мамандардың өздеріне жүктелген жауапкершілікке жүрдім-бардым қарауы және басшылық тарапынан қадағалаудың төмендігі ойландырарлық мәселе екенін айтты. Сондай-ақ порталды қадағалау бойынша кесте құрып, жауапты маман бекіту керектігін жеткізді. Талқыға түскен кемшіліктерді жоюды тапсырып, заңбұзушылыққа жол бермеу керектігін ескерткен кеңес мүшелері баяндамашы Ғ а л и я Б е к т е н қ ы з ы н ы ң е с е б і н «қанағаттанарлық» деп таныды.
Мұнан соң облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Төрегелдиев есеп беріп, басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Айтуынша, әлеуметтік салада, оның ішінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты мансап орталықтары және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту бөлімдері 24 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Оның ішінде басқармада тікелей 3 және басқармаға қарасты мансап орталықтарында – 4, жалпы алғанда 7 мемлекеттік қызмет түрі ұсынылады. Қалған 17 мемлекеттік қызмет түрі Тараз қаласы және аудан әкімдіктері арқылы көрсетіледі.
– Басқарма тікелей 3 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Тарқатып айтқанда, «e-licence», «eGov» порталдары арқылы «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту», «Құтты мекен» мобильдік қосымшасы, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қызметі көрсетіледі. Осы жылдың 8 айында басқармада 1 016 мемлекеттік қызмет ұсынылды. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» бойынша 854 қызмет көрсетіліп, өткен жылмен салыстырғанда 74 қызметке артты. Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту бойынша 162 қызмет түрі көрсетілсе, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 47 қызметке ұлғайған. Ал өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту бойынша мемлекеттік қызмет түріне өтінімдердің жоқ болуына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген. Басқармаға қарасты барлық мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетіледі. Анығында, мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында шетелдік жұмыс күшіне қатысты өкілетті орган болып саналатын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне басқарма тарапынан ұсыныс хаттар жолданған. Берілген ұсыныстардың нәтижесінде Үкімет тарапынан жергілікті жерлерде шетелдік жұмыс күшін алмастан бұрын «Enbek.kz» порталы арқылы қарап, сұралып отырған жұмысшы жоқ болған жағдайда ғана шетелдік жұмысшы алуға рұқсат беру және комиссия жұмысын оңтайландыру мақсатында Сыртқы істер министрлігі, білім, еңбек инспекциясы мен құзырлы органдардан ақпараттық жүйе арқылы келісім алу мүмкіндіктері қаралуда. Қазіргі таңда бұл жұмыстар басталып, мемлекеттік органдармен келісу жұмыстары жүруде, – деген Самат Болатұлы бұл өз кезегінде тек мемлекеттік қызмет сапасына ғана емес, жергілікті жердегі еңбек нарығын қорғауда да оң септігін тигізетінін жеткізді.
Халықты әлеуметтік көмекпен қамтуды әділетті және ашық түрде жүзеге асыру үшін «Әлеуметтік әмиян» жобасы да Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан қолға алынған. Бұл кешенді жобаның бір бағыты ретінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі негізінде отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтау бойынша арнайы өңірлік штаб құрылып, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктеріне межелер бекітіліп, жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Қазіргі таңда Үкімет тарапынан облыс әкімдерінің бағалау рейтингісі әзірлену үстінде. Ол өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өлім-жітім көрсеткіші мен дағдарысты Д, Е санаттағы отбасылардың санын азайту бағытында қолданылмақ. Осыған орай басқарма, өңірлік штаб мүшелері осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуде. Облысымызға жыл соңына дейін 2 100 дағдарысты санаттағы отбасыларды азайту межесі қойылып отыр. Нәтижесі көп ұзамай анықталатын болады.
– Сонымен қатар басқармаға қарасты «Еңбек мобильдігі орталығы» мен оған бағынысты мансап орталықтары арқылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Олар – жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы ақпарат ұсыну, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру. Биыл 1 қыркүйекте облыс бойынша 134 696 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5 511 қызметке артты. Оның ішінде электронды түрде 106 349 қызмет көрсетіліп, өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда 18 049 қызметке ұлғайған. Сәйкесінше баламалы қағаз түріндегі қызмет 7 443 қызметке азайған. Сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мансап орталықтары қызметкерлеріне атқарылған жұмыс көлемі мен сапасына байланысты жалақы төлеудің жаңа пилоттық моделі енгізілмек. Бұл жоба 2026 жылдан бастап республиканың барлық өңірлерінде іске асырылып, халықтың сапалы мемлекеттік қызмет алуына тағы да өзінің оң септігін тигізетін болады. Жалпы айтсақ, өткен жылдан бері қызмет берушілер тарапынан қызметті көрсетуден бас тарту фактілері болмаған, мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелмеген, – деген С.Төрегелдиев мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген жол картасына сәйкес жыл соңына қарай стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі облыста 80 пайызды құрайтынын атап өтті.
Осы жылғы жоспар бойынша 259 нысанды бейімдеу жоспарланып, соңғы 8 айда 160 нысанға 103 миллион теңге қаржы қаралып, 151 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталған. Сәйкесінше 1 295 ғимарат бейімдеуді қажет етеді. Сөз соңында баяндамашы бұл бағыттағы жұмыстарды жыл соңына дейін Байзақ, Мойынқұм, Талас және Шу аудандарында күшейту мәселесін хаттамаға енгізуді ұсынды.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ