Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды

Адам папилломасы вирусына қарсы 22 мыңнан астам қыз бала вакцинацияланды
Ашық дереккөз
Бүгінгі күні республика бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың күнделікті мониторингінің нәтижелері бойынша 22,2 мың бала, оның ішінде 11 жаста – 14 мың бала, 12-13 жаста-8,2 мың бала егілді,деп хабарлайды arainfo.kz

Қыркүйек айының ортасынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып табылатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды. 

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жоспарлы түрде 11 жастағы қыздар вакцинациялауға жатады.

Сондай-ақ, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі. Бұл маңызды іс-шара елде қауіпті инфекцияның таралуын төмендетуге және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта иммундау шеңберінде тиісті жастағы оқушы қыздар вакцинациялануда. Вакцинациялау мектептер мен емханалардың медициналық кабинеттерінде, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдердің арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеді. АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар