Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰСТАЗ

ҰСТАЗ
ашық дереккөз
ҰСТАЗ
Ұстаз десе шабыт босап тізбектен, Сенің арқаң бар жетістік біз жеткен. Алдыңызға шәкірт келер еске алып, Өтсін, мейлі, жүз жаз бенен жүз көктем. Күн көзіндей күлімдеуің сый еді, Ұстаз сөздің әр әріпі киелі. Ыстық қана құшағыңа қысқанда, Бала сені анасындай сүйеді. Сыналатын білім менен ақылы, Ұстаз деген мамандықтың батылы. Қару емес, қолға қалам ұстаған, Ұстаз деген бүгінгінің батыры! Болсыншы деп шәкіртінің жолы нық, Тек жақсыға жүрсінші деп жолығып. Тұр емес пе ардақтаған ұстаздың, Санамызда ескерткіші соғылып. Заңдылық қой бүгін шаттық күйге ену, Оқушының бар міндеті үйрену. Сенен дарып, қалыптасқан қасиет, Жақсыны ұғып, жамандықтан жирену. Атыратын мейіріммен таңды шын, Ұшыратын тәрбиемен жан құсын. Бала жүрек сахнадан сіздерге, Басын иіп білдіреді алғысын!

Алина АЙДАРАЛЫ, Айшабибі ауылдық орта мектебінің 10-сынып оқушысы, Жамбыл ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар