Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл тұрғындары жауапкершілікті сезінеді

Жамбыл тұрғындары жауапкершілікті сезінеді
Ашық дереккөз
Тараз қаласы, Домалақ ана көшесіндегі Жамбыл жоғары политехникалық колледжінің ғимаратында орналасқан №463 референдум учаскесінде барлық жағдай талапқа сай жасалған, деп хабарлайды arainfo.kz

Дауыс берушілер үшін референдум учаскесіне дейін келетін жол арнайы белгілермен тайға таңба басқандай көрсетілген. Аталған референдум учаскелік комиссия төрағасы Балдырған Мұраханұлы:

"Сайлаушылар таңғы 06:30 уақытынан бастап келе бастады. Сағат 06:58-де референдум учаскесінде Мемлекеттік Гимн шырқалып, жұмысымызды бастап кеттік. Бақылаушылардың да төрт көздері түгел. Түс мезгіліне дейін келушілер қатары көңілден шықты. Жалпы, дауыс беру мерзімі аяқталар  уақытқа дейін тұрғындар белсенділік танытады деген ойдамын. Дауыс беруге келген барша көпшіліктің көңіл-күйі жоғары. Бәрі де бұл күннің маңызды екенін, тұрғындардың әр дауысы маңызды екенін түсінеді" - дейді. 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар