Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясында орналасқан №35 референдум учаскесінің дауыс берушілерінің де азаматтық паразын орынайтын күнді тағатсыздана күткенін анық байқауға болады. Референдум учаскесіне таңнан бері үздіксіз келіп жатқан тұрғындар ел азаматтары мұндай маңызды шарадан қалыс қалмары тиіс деген ойда. Ел келешегі үшін дауыс берген ғалым, сарапшы Асқар Абдуалы да осындай пікірде.
–Бірнеше уақыттан бері ҚР Референдум туралы заңына сәйкес бір айлың ішінде елімізде АЭС салу мәселесіне қатысы көптеген жұмыстар жүргізілді. Бүгін міне, халық өз таңдауын жасап, нақты бір шешімге келіп мәселенің нүктесі қойылғалы тұр. Осы тұста мен де ел ертеңі,немерелерімнің ертеңі үшін өз атымнан, отбасымның атынан таңдауымды жасағым келіп тұр. Қай қоғамда,қай мемлекетте болмасын саяси деңгейін анықтайтын үрдістер бар. Соның бірі осы референдум. Атом стациясын салу бойынша өтіп жатқан референдум халықтың бірлігін көрсетуде. Бұл күні референдум учаскелеріне келіп, дауыс беру – барша қазақстандықтардың парызы.Қуанатыным еліміз тәуелсіздік алғалы түрлі саяси науқандарда халық осылай белсенділік танытып келеді. Бүгін де еліміздің ертеңі үшін таңдау жасалады. Мемлекет үшін таңызды таңдауда,келісім беруде халықтың үні маңызды фактор.Жыл өткен сайын сайлаушылардың, дауыс берушілердің саны артып келеді.Қоғамның өсіп өркендеуі осындай үрдістер арқылыанықталуы керек. Ертеңгі экономикамыз, саяси бағытымыз бүгінгі жасаған таңдауымызға байланысты. Референдумның маңыздылығын түсінген барша тұрғындар сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасайтындарына сенімін білдіремін- деді ғалым.