Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Жасыл ел-Тараз» ЖШС жаңа техникалармен толықты

«Жасыл ел-Тараз» ЖШС жаңа техникалармен толықты
А.Қартабай
«Жасыл ел-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Тараз қаласы аумағында шаһарды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп келе жатқан бірден-бір мекеме. Серіктестіктің иелігінде бұған дейін 114 техника болса, кеше олардың қатары тағы да 9 техникамен толықты. Табыс етілген техниканың жетеуі қалдықтарды механикаландырылған тиеуге арналған бүйірлік тиегіші бар қоқыс тасушы «КамАЗ» болса, екеуі қарды сүріп, тиеуге арналған «Амкодор-37» көлігі. Қар тиеуге арналған техниканың біреуі 34 миллион теңгеге сатып алынса, қоқыс шығаратын көліктердің әрқайсысы 54 миллион теңге тұрады екен.

Техникаларды табыс ету рәсімінде Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков: «Өткен қыс мезгілінде қала аумағынан 20 мың текше метр қар шығарылды. О н ы ж ұ м ы с ш ы л а р к ө л і к к е қолмен тиеді. «Жасыл ел-Тараз» серіктестігінде 800-ден астам адам еңбек етсе, жұмысшылар арнайы техникамен, құрал-сайманмен лайықты қамтамасыз етілуі керек. Біз осы мақсатта мекемеге былтыр да 7 техника табыс еткен болатынбыз. Мақсат – қарапайым еңбек адамдарының жұмысын жеңілдету, жұмыс сапасын, еңбек өнімділігін арттыру, қыста қарды дер кезінде көлікке тиеу. Бұл тұрғыда қар тиегіш екі көліктің тиімділігі дәлелденсе, келесі жылы да сатып алуды жоспарлаймыз. Шаһарда 350 қоқыс контейнері болса, ондағы қоқысты шығарумен айналысатын «Жасыл ел-Тараз» ЖШС-мен қатар өзге де компаниялар бар.

Олардың техникасы ескірген, біз ол компанияларға техникасын жаңарту жөнінде біршама уақыттан бері талап қойып келе жатырмыз. Алайда олар қаржының жоқтығын алға тартып, талап үдесінен шыға алмай келеді. Бұл бәсекелестік орта. Кімнің техникасы жаңа, сол мекеме конкурс арқылы қаланың қоқысын шығарумен айналысады, – деді. «Жасыл ел-Тараз» ЖШС-ның басшысы Азамат Әбішевтің айтуынша, былтыр алынған техниканың бесеуі жазда көшеге су себуге, қыста қарды күреп, сыпыруға арналған екен. Біреуі манипулятор, тағы бірі қалдықтарды механикаландырылған тиеуге арналған бүйірлік тиегіші бар қоқыс тасушы көлік.

Биыл сатып алынған көліктердің есебінен серіктестіктің техникалары 30 пайызға жаңарыпты. Оның ішінде су жаңа қоқыс шығаратын биылғы көліктер «Ұлы дала» ықшамауданы және қаланың басқа да үлкен ықшамаудандарына жіберілетін көрінеді. Техникаларды табыстау барысында Бақыт жан Әмірбекұлы жүргізушілерге су жаңа көліктерге жанашырлықпен қарауды ескертті. – Көліктің майын уақытылы ауыстыру, техникалық байқаудан мерзімінде өткізу ісін қадағалау – бас механиктің тікелей міндеті.

Бұл көліктер кемі 10 жыл шаһар тұрғындарына қызмет етуі керек. Тараздықтар жаңа техниканың арқасында тазалық сапасы артқанын сезінуі қажет. Сол үшін жүргізушілер өздері тізгіндеген техникаға ұқыпты болуы тиіс, – деді Б.Орынбеков. Жалпы Тараз қаласында 1 500 көше болса, оның 100-ден астамы магистралды көше екен. Бұрын жұмысшылар қала көшелерінің жиегіне қойылған бордюрдың түбін қолмен күреп, көлікке тиеп келсе, енді бұл жұмысты қар тиегіш арнайы көліктер алмастыратын болады.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар