Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция.

Болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция.
Ашық дереккөз
Меркі аудандық маслихат депутаты Сейсенбаев Нұрлан әлеуметтік желісінде АЭС құрылысына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

"Атом станциясы-бұл бәріміз үшін таза және қауіпсіз болатын Болашаққа ұзақ мерзімді инвестиция.

Қазақстанда атом электр станциясын салу-энергетикалық тәуелсіздік пен орнықты даму бағытындағы маңызды қадам. Бұл электр энергиясын тұрақты өндіруді қамтамасыз етуге, көмірқышқыл газы мен басқа да ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға, осылайша экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда атом станциясының құрылысы-бұл уран сияқты табиғи ресурстарымызды пайдалану ғана емес, сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, жұмыс орындарын құру және ғылыми техникалық прогреске ықпал ету мүмкіндігі. Бұл экология мен энергетика қатар жүретін болашаққа жасалған қадам",-деді Сейсенов Нұрлан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар