Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту - бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл - біздің ана тіліміз - Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің еліміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің басты мақсаты ‑ тілді қорғау, ұлтшыл емес, ұлттық сана-сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз ‑ қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз ‑ тіліміз. Сонымен қатар, тілді үйренуге ең басты қажет дүние ‑ тілдік орта. Ал, тілдік ортаны алдымен балабақша мен мектепте жасау керек. Аталған тілдік білім әрі қарай даму үшін ол тілде сөйлеу керек. Сондықтан тілге қатысты атақарылар шаруа, бітірер іс ешқашан тәмәмдалмайды деп білеміз. Бүгінгі Қазақстан жастары осы сезімді ақтауға лайықты болуға тиіс. Егер жас қауым бір тілде сөйлеп, бір мақсатқа жұмылар болса, біздің күшіміз бен қуатымыз да арта түседі.
Менің ойымша, тілді білу құрметтің белгісі, бірақ қазақ тілінде сөйлеу үшін қандай да бір түсіністік, тілді аса білмейтіндерге деген төзімділік болуы тиіс. Тіл байлығы ‑ әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін, көзінің қарашығындай қарауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруға тиіс.
Қазақстан ‑ әлемдегі ең мықты, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Өйткені, қазақ тілі ‑ мемлекетіміздің мемлекеттік тілі! Қазақ тілі де ағылшын тілі секілді бәсекеге қабілетті болса, қолданыс аясы үнемі кеңейе түссе деймін. Сонда ғана Қазақстанның, қазақ елінің мәртебесі мен абырой асқақтар деген ойдамын.
Қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударылып отыр. Осы мақсатта Қазақстан халықтары Ассамблеясы да өзінің стратегиясында мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақтығы негізінде Қазақстанның барлық этностарының бірігуі жолында қазақстандық сәйкестіктің қалыптасуының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын жариялады.
Ғаламтор пайдаланушылары жыл сайын көбейіп келеді, сол себептен бір орында тұрмау керек, күн сайын өзгеріп отырған заманға сай мемлекеттік тілді қолдау тәсілдерін де жаңа бағытқа ауыстырып отыру қажеттіктері туындап отыр.
Қазақстан Республикасының тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қайсыбір мемлекет болмасын оның ең әуелі ұлықтайтын тілі, әрине мемлекеттік тіл. Ол-әлемдік қауымдастықтағы мемлекеттердің басты белгілерінің бірі, ұлт саясатының көрсеткіші. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі-ұлы даламызды мекен еткен байырғы қазақ халқы мен қазақстандық басқа да ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған, теңдік пен татулықты ұстана отырып, бейбіт қоғамды қалыптастыруға қол жеткізіп отырған бірден-бір ұлы рәмізі. Тіл мәселесі ұлт руханиятының алтын қазығы болғандықтан, оған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі ерекше мән беріп отыр. Мұндайда баршамыздың оған қолдау көрсетуіміз міндет.
Абидов Нұрмұхаммат Махаматұлы
Жамбыл облыстық сотының
қылмыстық істер жөніндегі
сот алқасының төрағасы
Бұл даму жолындағы маңызды қадам
Ұқсас жаңалықтар
Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды
- авторAR-AY
- 25 қыркүйек, 2024