Атом энергиясын экспорттаудың арқасын¬да экономика гүлденеді, инновациялық жобалар көбейеді әрі дамиды. Атом энергетикасын бейбіт мақсатта қолдана отырып, еліміздің халықаралық аренадағы позициясы нығаяды.
Меніңше, халықтың мүддесіне сай АЭС жобасын қолға алып жатқан мамандарды қолдау да, қорғау да қажет. Ол – өте қиын да жауапты іс. Мамандардың пікіріне құлақ түрсек, атом энер¬гиясы қуаттылығы жағынан көмір мен газдан әлдеқайда жоғары, әрі сыртқа аз қалдық шығарады.
Сондай-ақ уранның Қазақстанның өз ішінде өндірілуі, қосымша қаржыны талап етпеуі де бұл саланың артықшылығын көбейте түседі. Осы саланың мамандары АЭС-тен алынатын энергия экологиялық ең таза әрі қауіпсіз екенін айтуда.
Назира ЖОЛДАСБАЕВА,
"Меркі тынысы" газетінің редакторының орынбасары
Келесі мақала
Қазақстанға атом электр станциялары не үшін қажет?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
МӘМС есебінен елімізде ең күрделі әрі қымбат операциялар жасалды
- авторAR-AY
- 20 желтоқсан, 2025




