Көбіне дұрыс қосылмаған, тазартылмаған пештен ақау шығып, от тұтанып жатады. Осыған орай өртсөндірушілер мен құтқарушылар үй-үйді аралап, жылыту құбырлары мен пештерді тексеріп, жадынамалар таратуда.
Сала мамандары тұрмыстық өрттер өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін білмеу және сақтамау, тұрмыстық және жылыту құрылғыларын дұрыс пайдаланбау, балалардың ересектердің қарауынсыз қалғанда оттықты пайдалануынан, сондай-ақ мас күйінде темекі шегуінен орын алатынын айтады.
– Жыл сайын жылыту маусымы басталғанға дейін тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізіледі. Қызметкерлер өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру үшін жеке секторларды аралайды. Бұл жолы қала аумағындағы Театральная, Рафинадная көшелері мен бұрылыстары, Өтеген батыр көшесі және Гончарова көшесінің тұрғындарына жылыту маусымы кезінде құбырларды тазалау, өрт қауіпсіздігін сақтау, улы газ тақырыптарында профилактикалық іс-шара жұмыстарын түсіндіреміз, – дейді Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Еркебұлан Шарипбаев.
Іс-шара барысында 750-ге жуық үйді аралап, 2 250 тұрғынға арнайы дайындалған жадынамалар таратылады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Сарысу ауданында эпизоотиялық жағдай тұрақты
Ұқсас жаңалықтар
Танымал корей жүзімі «Шайн Мускат» қауіпті ме? — Зерттеу нәтижелері
- авторAR-AY
- 21 қараша, 2024