Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы хабарлама – фейк

Қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы хабарлама – фейк
Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде қазақстандықтарға әлеуметтік қордан қаржы төленетіні туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды arainfo.kz

1949 жылдан 2010 жылға дейін туған адамдарға 70 мың теңгеден өтемақы аударылады екен. Ол үшін сілтеме арқылы өтіп, 20 қыркүйекке дейін өтінім беру керек. 

Жарнама сенімдірек болуы үшін алаяқтар жалған видеода Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың суретін пайдаланған. Мемлекет басшысының ресми порталында жаңа төлем туралы жарлықтар жоқ.

Төленбейтін өтемақылар мен төлемдер туралы ақпарат Желіде жиі тарайды. Күмәнді жарнамаларға сенбеңіздер және белгісіз сайттарда жеке деректерді қалдырмаыңыздар.

Қазақстанда әлеуметтік қор деген жоқ. Төлемдер мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындаумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Ведомствоның ресми порталында алаяқтар атап көрсеткен белгілі бір уақыт аралығында туғандарға төленетін 70 мың теңге мөлшеріндегі төлем туралы ақпарат жоқ,-делінген stopfake.kz сайтының хабарламасында.

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар