Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Зағип оқырмандар жанұялық байқауға қатысты

Зағип оқырмандар жанұялық байқауға қатысты
Ашық дереккөз
«Отбасы» күніне орай Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жас отбасылар арасында «Мен және менің отбасым» атты облыстық байқау ұйымдастырды.

Рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы таза, еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу, зағип отбасының жағымды имиджін қалыптастыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау және кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында ұйымдастырылған тағылымдық іс-шара өз деңгейінде өтті.

Байқауға Меркі ауданынан Тұрымбетовтер отбасы. Байзақ ауданынан Мухатовтар отбасы, Тараз қаласынан Алтыбай және Есимовтер қатысты.

Сайыстың ережесіне сәйкес барлық  отбасылар бес кезең бойынша бақтарын сынады. Байқау соңында  шақыртылған қонақтар сөз алып, өз ойларымен бөлісе келе жеңімпаз отбасыларды атады. Байқауында І  орынды жеңіп алып, үздік отбасы атанған  Есимовтер жанұясы, ІІ  орынды иеленген  Тұрымбетовтер болса,  ІІІ  орынды Мұхатовтар жеңіп алды. Ал, Алтыбай отбасы сайысқа қатысқаны үшін ыңталандыру марапатына ие болды.

Марапаттау рәсімінде жеңімпаздар мен қатысушыларға кітапхана тарапынан алғыс хаттары мен бағалы  сыйлықтар табыс етілді. 

Аталған байқауға демеушілік жасап, өтілуіне қолдау көрсеткен  Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар