Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел дамуының негізі

Ел дамуының негізі
Ашық Дереккөз
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, ішкі және сыртқы саясаттарын жетілдіре түсудің айшықты міндеттері нақты көрініс тапты. Саяси құжат мемлекетіміздегі әлеуметтік ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны сөзсіз.

Президент өз сөзінде басты назарды азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі экономикалық өзгерістерге аударды.Құжатта жүзге жуық түрлі бастама көтеріліп, ұсыныстар айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Отыз жылдан астам қолданыста болған банк жүйесін жетілдіруге арналған жаңа заң қабылдау мәселесі орынды көтерілді.

Сонымен қатар еліміздің экономикалық әлеуетінің берік іргетасын қалыптастыру мақсатында жаңа Салық кодексі аясында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін арттыра түсу жолдарын да қарастыру туралы өте орынды айтты.

Сондай-ақ Президент барлық салада инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолында үздіксіз жұмыс жүргізуді тағы да баса ескертті. Оның ішінде агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту өте маңызды міндет екеніне айрықша тоқталды.

Мемлекет басшысы бір жыл бойы қоғамда қызу талқыланған АЭС салу мәселесі 6 қазанда референдум арқылы белгілі болатынын хабарлады.Тиісті заңға да қол қойды.Одан бөлек аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері тікелей сайлау арқылы сайланады деп атап өтті.

2021 жылдан бастап ауыл әкімдерін халық сайлайтын еді.Бұлардан басқа да аса үлкен келелі әрі өзекті мәселелерді көтерген жаңа Жолдаудың түпкі мақсаты ел игілігін арттыруға, қоғам тыныштығы мен ынтымақты сақтауға негізделген.

Әсел ЖАПАРОВА, 
Тараз қалалық мәслихатының депутаты,
облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар