Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: жетінші жарыс күнінің нәтижесі

Жазғы Паралимпия ойындары-2024: жетінші жарыс күнінің нәтижесі
Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрлігі Жазғы Паралимпия ойындарында спортшыларымыздың жетінші күні жеткен жетістіктерін жариялады, деп хабарлайды arainfo.kz

Пара пауэрлифтинг: Ерлер арасында 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев 188 кг салмақты еңсеріп, екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – Парижде ұлттық құрама қоржынына түскен алғашқы алтын медаль.

Әйелдер бәсекесінде 45 кг салмақта өнер көрсеткен Тұрсынай Қабыл 95 кг нәтижемен 6-орыннан көрінді.

Пара жеңіл атлетика: Ядро лақтырудан F36 санатында бақ сынаған Дастан Мұқашбеков қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Пара жүзу: Зүлфия Ғабидуллина 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 10-орынға тұрақтады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:12.07 секунд.

Волейболды отырып ойнау: Қазақстан құрамасы Бразилия спортшыларынан 3:0 есебімен басым түсіп, XVII жазғы Паралимпия ойындарын 5-орынмен аяқтады.

Паралимпиаданың жетінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 1

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар