Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.
Бұған дейін депутаттар Мырзабосыновтың кандидатурасын мақұлдаған болатын.
Ол бұл қызметте 31 тамызда министр қызметінен босатылған Ермек Маржықпаевтың орнына келді.