Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жас қызметшілер ант қабылдады

Жас қызметшілер ант қабылдады
Ашық Дереккөз
Конституция күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі өтті.

Конституцияның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Биыл облысымызда 470 маман мемлекеттік қызметке орналасу бойынша өтініш білдірген екен. Оның 25-і ғана іріктеуден өткен.Салтанатты іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер ант қабылдап, оларға тілек айтылып, сенім білдірілді.

– Мемлекеттік қызметші – халықтың айнасы. Оларға заң үстемдігін қамтамасыз етуде айрықша рөл берілгендіктен, өз қызметін адал атқаруы тиіс. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы азаматтық тұрғыда зор жауапкершілікпен қатар, үлкен мәртебе болып саналады. Мемлекеттік қызмет атқаруға қабылданған антты берік ұстап, адал қызмет ету тәуелсіздік тұғырын биік әрі баянды етпек, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Руслан Шарипов. 

 

Бұдан кейін жас мемлекеттік қызметшілерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев құттықтады. 

– Жастар – еліміздің ең белсенді қозғаушы күші, қоғамның бір бөлігі. Олар өз білімімен, біліктілігімен, жасампаз еңбегімен еліміздің дамуына үлкен үлес қосуда.Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Өркениеттің шыңына қадам басқан мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.

Облысымыздың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңізге байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады, – деді Еркінбек Бейсембекұлы.

Мемлекеттік қызметші – қоғам мен билік арасындағы дәнекер. «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш арысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, халықпен жұмыс істеу үшін жағымды мінез-құлық керек. Сондықтан кез келген маман мемлекетке, халыққа қызмет етуші екенін ұмытпауы тиіс.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар