Жаңалықтар
Өңірде әр сенбі сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жермеңкесі өтеді
- author AR-AY
- 31 тамыз, 2024
- 128
Бүгін облыс орталығында орналасқан «Әлеуметтік базар» алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz
Осылайша халықтың әл-ауқатын арттыруға және нарықтағы әлеуметтік тауарлардың бағасын тұрақтандыруға бағытталған дәстүрлі акция биыл да жалғасын тапты. Сөреден табылған ет және сүт өнімдері мен жеміс-жидектер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен саудаланды.
Жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек арнайы қатысып, әр аймақтан келген жергілікті тауар өндірушілерінің табиғи өнімдерін көзбен көріп, сала мамандарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Айта кетейік, дәстүрлі жәрмеңке Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №18 д мекен-жайында әр апта сайын ұдайы ұйымдастырылады.