Білім
Қазақстанда алғаш рет жол құрылысы саласында PhD докторлар дайындалады
- author AR-AY
- 27 тамыз, 2024
- 84
«Көлік құрылысы» бағыты бойынша PhD дәрежесін алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындауға арналған конкурстың қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды arainfo.kz. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Жол саласының болашақ ғалымдары алғаш рет мемлекеттік білім беру гранттары есебінен дайындалады. Байқау қорытындысы бойынша 10 адам осы бағыт бойынша докторантураға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын жүргізілген талдауға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстанның жол саласына 1,5 мыңға жуық диплом алған маман жетіспейді. 2023 жылы Көлік құрылысында алғашқы екі PhD пайда болды.
Көлік министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің және «ҚазжолҒЗИ» АҚ бірлескен жұмысының нәтижесінде автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі мәселелерінің бірін шешу үшін биыл «Көлік құрылысы» бағыты бойынша болашақ PhD докторларын оқытуға 10 грант бөлінді.
Келесі мақала