Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан орман мекемелерінің автопаркін 100% жаңартты

Қазақстан орман мекемелерінің автопаркін 100% жаңартты
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
2024 жылы қолданыстағы техниканың 72 процентке тозуын ескере отырып, орман мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауға орман саласы тарихында алғаш рет талап етілген қаржыландыру бөлініп, бұл өрт жиі болатын орман мекемелерінің (Жетісу облысы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда облыстарындағы) автопаркін толығымен жаңартуға және жабдықтауды 100%-ға жеткізуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды arainfo.kz

 Лизинг және бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 47,0 млрд. теңгеге:

428 өрт сөндіру машинасы,

389 шағын орман өртін сөндіру кешендер,387 трактор,104 күзет машинасы сатып алынады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап орман өрті станциялары қызметкерлеріне лауазымдық жалақыдан 100 пайыз көлемінде үстемеақы белгіленді.

2024 ж. 30 шілдедегі ҚР Үкіметі отырысындағы баяндамадан.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар