Оқушылар IGeO-2024-те еліміздің қоржынын тағы 4 медальмен толықтырды
- author AR-AY
- 26 тамыз, 2024
- 429
Оған әлемнің 50 елінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Біздің команда 100% нәтиже көрсетіп, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды:
Ақжол Болат — Талдыкорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;
Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Нұрлан Жұмагелді — «Дарын» РҒПО директордың орынбасары және Мақсат Аубакиров — «Дарын» РҒПО бөлім басшысы. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз және толағай табыстар тілейміз!
Анықтама үшін: IGeO олимпиадасы 1996 жылдан бастап Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өткізіліп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық студент халықаралық BRICS чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
- авторAR-AY
- 17 желтоқсан, 2025
Елімізде 2025 жылдың басынан бері 91 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды
- авторAR-AY
- 8 желтоқсан, 2025




