Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балалар жолшылардың жұмысымен танысты

Балалар жолшылардың жұмысымен танысты
Ашық дереккөз
Бүгін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалында бүлдіршіндер үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Бұл күні мекеме қызметкерлері өз ұл-қыздарына тікелей іскерлік қарым-қатынас аясында мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, балалар жол-құрылысына қажетті материалдардың талап сай болуын қадағалайтын зертхана жұмысымен де кеңінен танысуға мүмкіндік алды.

Филиал директоры Мырзахмет Ибрагимов мектеп жасындағы меймандарды арнайы қабылдап, мұндай экскурциялардың өскелең ұрпаққа пайдасы мол боларын айрықша атап өтті. 

– Бүлдіршіндердің жаны таза, жүрегі пәк. Оның үстіне, олардың әр нәрсені қызық көретін шағы да осы кез. Сол себепті, өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, қажетті мағлұматтармен сусындату – үлкендердің парызы. Бүгінгі шара барысында ұл-қыздарымыз ата-аналарының жұмысымен танысып, көптеген дүниені көріп, білді. Бұл – олардың ой-өрісін одан әрі жетілдіре түсетіні анық, - деді Мырзахмет Қраубекұлы.

Есен ӨТЕУЛІ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар