Жаңалықтар
Қазақстан мен Тәжікстан стандарттау және метрология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті
- author AR-AY
- 23 тамыз, 2024
- 89
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы агенттігі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым қатынастардағы техникалық кедергілерді жоюға, сондай-ақ ұлттық жүйелерді халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат ақпаратпен, нормативтік құжаттамамен және тәжірибемен алмасу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін арттыру, стандарттарды әзірлеу және сәйкестікті бағалау нәтижелерін тану бойынша бірлескен іс-шараларды қамтиды.
Меморандум өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ете отыра, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындайды. Бұл өз кезегінде арадағы сауда-саттықты одан әрі дамыта түспек.
Келесі мақала