Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Ел спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
Туризм және спорт министрлігі
Туризм және спорт министрлігі қазақ спортшыларының жеңісті жолына шолу жасады, деп хабарлайды arainfo.kz

Футбол: Елорданың «Астана» клубы Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Румынияның «Корвинул» командасын 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың плей-офф сатысына шықты.

Самбо: Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 5 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алды.

Шаңғы роллері: Щучье қаласында шаңғы роллерінен Әлем кубогінің II кезеңі өтті. ҚР жасөспірімдер құрамасы 12 жүлдеге ие болды. Үздік нәтижені Анастасия Хвощенок, Айдана Чонконова, Аида Хажиева, Әмірғали Мұратбеков, Григорий Дачкин және Берік Боранбаев көрсетті.

Аралас жекпе-жек: Абу-Дабиде (БАӘ) өткен аралас жекпе-жектен жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Шайбалы хоккей: Президент кубогінде Қазақстан құрамасы екінші орынға ие болса, «Барыс» ХК қола жүлде еншіледі.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар