Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрылғанына 80 жыл толды
Ғылым және жоғары білім министрлігі
1944 жылғы 15 тамызда ҚазССР Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақ қыздарынан жоғары дәрежелі мамандар даярлау туралы» №457 қаулысы негізінде институт болып ашылды. Институттың алғашқы директоры болып Құрманғали Оспанов сайланды, деп хабарлайды arainfo.kz

Сол жылдың қыркүйек айында институтта «Физика-математика», «Тіл-әдебиет» және «Тарих» факультеттері ашылып, 100 студент оқуға қабылданды.

Университет сегіз онжылдық бойы еліміздегі білім беру жүйесін дамытуға тірек болды. Жыл сайын өзінің позициясын нығайта отырып, жаһандық өзгерістерді басқара алатын педагогтерді даярлап келеді. Оқу орнында осы уақыт аралығында 70 мыңнан астам білікті маман білім алды. Бүгінде университет құрылымында 5 институт, 24 кафедра бар және 8600 студент оқиды. QyzPU әлемнің 19 елімен, 62 келісімшарт аясында халықаралық ынтымақтастық байланыс орнатқан. 2023 жылы шетелдік әріптестермен 10 жаңа ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және 69 студент шетелге оқуға жіберілді.

2023 жылы университеттің 15 білім беру бағдарламасы Германиядағы ACQUIN ықпалды халықаралық аккредиттеу агенттігінің аккредитациясынан сәтті өтті. Жаһандық Times Higher Education Impact Rankings рейтингіне екі жыл қатарынан енді.

Ұстаздар ұстаханасының ұжымын 80 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Ұлттық құндылықтарды, қазақтың салт-дәстүрін, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан тағылымды болашақ педагогтердің бойына сіңіру – білім ордасының ерекшелігі. Қарқынды дамып жатқан әлемдегі өзгерістерді басқаруға қабілетті педагог даярлайтын зияткерлік платформа ретінде университет Қазақстанның болашағын қалыптастырып келеді.

QyzPU түлектері – өз саласының білікті маманы ғана емес, сонымен қатар ұлттық және халықаралық деңгейде қоғамның дамуына үлес қосатын нағыз көшбасшылар. Парасатты, білімді аруларды даярлаудағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар