6 КӘСІПКЕР ӘКІМШІЛІК ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Бүгінгі күнде Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға үстемесіне мемлекеттік бақылау жұмыстары мен тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың басынан бері бөлім тарапынан прокуратура ұсынысы мен тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың негізінде 10 ішкі сауда субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заңбұзушылыққа жол бергені үшін 6 жеке кәсіпкер мен 1 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте, 1 жеке кәсіпкер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде заңбұзушылықты қайталап жасағаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 204-4 бабының 2-бөлігімен айыппұл түріндегі (10 АЕК – 30630 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр.
Тараз қаласының аумағында азық-түлік саудасы қызметін атқаратын кәсіпкерлік субъектілеріне сауда үстемесін Заңда белгіленген мөлшерлерден тыс арттыру әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз.
Қала аумағындағы кәсіпкерлермен азық-түлік дүкендерінде баға үстемелерін жоғарылату мәселесі бойынша Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөліміне шағымдану үшін 8 (7262) 45 96 08 нөміріне хабарласуға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.
Айдын АЛТАЙ, Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы
Келесі мақала
АЛБАНИЯ ИРАНМЕН ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСЫН ҮЗДІ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбылда 30 жыл тазартылмаған жер арықтары қайта жаңғыртылып жатыр
- авторAR-AY
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Жылдар бойы берілмеген мүгедектік: Жамбылда заңбұзушылық әшкереленді
- авторAR-AY
- 9 желтоқсан, 2025


